Астанада жастар арасындағы бокстан әлем чемпионаты шеңберіндегі алдын ала кездесулер 23 шілдеде басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жастар арасындағы бокстан әлем чемпионаты шеңберіндегі алдын ала кездесулер 23 шілдеде басталады

Астанада жастар арасындағы бокстан әлем чемпионаты шеңберіндегі алдын ала кездесулер 23 шілдеде басталады

Астанада 23 шілдеде жастар арасындағы бокстан әлем чемпионаты шеңберіндегі алдын ала кездесулер басталады, деп хабарлайды Қазақстандық бокс федерациясының (ҚБФ) баспасөз қызметі.

  • 20 Шiлде 2011
  • 517
Фото - Caravan.kz

«23 шілдеде «Қазақстан» спорт сарайында алдын ала кездесулер басталады», — деп мәлім етті ҚБФ баспасөз хатшысы Альмира Марден ҚазТАГ тілшісіне сәрсенбі күні.

Бұдан басқа, ол чемпионатқа қатысушылар 3 күннің ішінде – 20 -22 шілдеде келетінін айтты.

«Қазір 12 елдің боксшылары мен делегаттары келді», — деді А. Марден.

ҚБФ-ның сайтындағы ақпаратқа сәйкес, чемпионатқа қатысушы 50 елден 329 негізгі және 40 қосалқы боксшы ұсынылып отыр. Қазақстаннан 13 салмақ дәрежесі бойынша 13 жас боксшы қатысады.

Жастар арасында бокстан әлем чемпионатының финалы 30 шілдеде «Қазақстан» спорт сарайында өтеді.

Қазақстандық бокс федерациясының бас демеушісі – «ҚазМұнайГаз» компаниясы.

Соңғы жаңалықтар