Астанадағы ЭКСПО кезінде каратэ-додан Азия чемпионаты өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы ЭКСПО кезінде каратэ-додан Азия чемпионаты өтеді

Астанадағы ЭКСПО кезінде каратэ-додан Азия чемпионаты өтеді

Елімізде тұңғыш рет каратэ-додан Азия чемпионаты өтеді. Дода 10-17 шілде күндері Астанада жалауын желбіретпек. Осы тұрған біріншілікке байланысты кеше ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті.

  • 20 Сәуiр 2017
  • 330
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Каратэ-до федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлады.

Жиын барысында беделді бәсекені жоғары деңгейде өткізуге қатысты бірнеше мәселе талқыланды. Жарысқа 30 елден 800-ден аса қонақ келеді. ЭКСПО халықаралық көрмесі аясында өтетін біріншілікке қатысушылар 9 шілдеден бастап келеді. 10-13 шілде аралығында жасөсіпірімдер арасында жүлделер сарапқа салынса, 14-17 шілдеде Астана татамиіне ересектер шығады. Сонымен қатар, осы күндері елордамызда төрешілер семинары өтеді. Халықаралық емтиханды 200-ден аса маман тапсырады.

Каратэ-додан Азия чемпионатының ашылу салатанатына дайындық қазірден басталып кетті. Салтанатты шарада еліміздің тарихы, мәдениеті таныстырылатыны және оған белгілі композитор Еркеш Шакеев атсалысатыны белгілі болды. Оған қоса жиында қонақтардың қауіпсіздгі, виза мәселесі талқыланып, Азия чемпионатының медаль үлгісі бекітілді.

Қазақстан каратэ-до федерациясы 1991 жылы құрылған. Халықаралық турнирлерді айтпағанда, биыл Астанада өтетін Азия чемпионаты осы спорт түрінен еліміздегі  тұңғыш ірі шара болмақ.


Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы Халықаралық олимпиада комитеті каратэ WKF Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілгенін жариялаған болатын.

Соңғы жаңалықтар