Астанадағы Президент кубогының жүлдеқоры 225 мың долларды құрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы Президент кубогының жүлдеқоры 225 мың долларды құрайды

Астанадағы Президент кубогының жүлдеқоры 225 мың долларды құрайды

Астанада өтіп жатқан теннистен халықаралық «2017 жылғы Президент Кубогының» жалпы жүлде қоры 225 мың долларды құрайды. Бұл туралы елорда әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап, Baq.kz хабарлайды.

  • 18 Шiлде 2017
  • 479
Фото - Caravan.kz

Турнирге әлемнің 30 елінен 200 теннисші қатысып жатыр. Олардың арасында әлем рейтингінің топ жүздігінің қатарына енген спортшылар бар. Ел теннисшілерінің атынан Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Дмитрий Попко, Александр Бублик, Анна Данилина мен Камила Керімбаева шығады.

Турнир 17-23 шілде аралығында Ұлттық теннис орталығында өтеді. Осы аралықта «Astana Masters 127under Presidents Cup» балалар турнирі мен «Astana Open» әуесқой теннисшілер турнирі өткізіледі.

Айта кетерлігі, әр жылдары President's Cup турниріне қазақстандық Андрей Голубев (екі рет), Михаил Кукушкин мен Галина Воскобоева (жұппен) қатысып топ жарған болатын.


Соңғы жаңалықтар