Жарияланды: 390

Астаналық сұр мергендер садақ атудан жарысқа түсті

19-22 желтоқсан күндері аралығында елордада садақ атудан «Астана Кубогі» дәстүрлі жарысы өтті.

Астана қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, сұр мергендер олимпиадалық және қосымша дистанцияларда анықталды. Олимпиадалық айналымда екі квалификациялық кезеңнен сүрінбей өтіп, елорда құрама командасының көшбасшыларының бірі Ольга Кривец басты жүлдеге және қосымша 25 метрлік шақырымда жеңіске қол жеткізді. Екінші орын Аделья Вороноваға және үшінші орын Лаура Асаиноваларға бұйырды. Ерлер арасында олимпиадалық айналымда Алдияр Садықов топ жарса, екінші мен үшінші орын сәйкесінше Аким Шевченко мен Сұлтанбек Жеңісовке берілді. 25 метрлік дистанцияда бірінші орынға Аким Шевченко қол жеткізді. Садақ атудың екінші түрі - компаундта қыздар мен ерлер бірге күш сынасып, қыздардың мергендігі әлдеқайда жоғары дәрежеде болғандығы анықталды. Басты жарыста Любовь Кривец алтын жүлдеге қол жеткізсе, екінші орынға Бибігүл Ізбасарова, үшінші орынға Еламан Жақабаев жайғасты. 25 метрлік компаундта қыздар өздері арасында орын алмастырып, бірінші орынды енді Бибігүл жеңіп, Л.Кривец екінші орынға түсті. Қола жүлде - Мирас Әлсеитовте. Мерекелік демалыстан кейін, елорданың мергендері қайта жаттығу жұмыстарға кіріспек. Садақ атудан келер жылдағы алғашқы сөре - Қазақстан чемпионаты ақпан айында Теміртау қаласында өткізіледі деп жоспарлануда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін