«Астананың» бас бапкері Болгарияның үздік жаттықтырушысы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астананың» бас бапкері Болгарияның үздік жаттықтырушысы атанды

«Астананың» бас бапкері Болгарияның үздік жаттықтырушысы атанды

«Астана» футбол клубының бас бапкері Станимир Стойлов 2017 жылдың қорытындысы бойынша Болгарияның үздік бапкері атанды.

  • 8 Қаңтар 2018
  • 758
Фото - Caravan.kz

Алайда ол марапаттау салтанатына қатыса алмағаны үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Sports.kz басылымына сілтеме жасап.

Ол жақын күндері белгілі болатын келіссөздерге байланысты салтанатты рәсімге қатыспады. Оның орнына көмекшісі Цанко Цветанов марапатты қабылдап алды.

«Бұл шараға қатыса алмайтыным үшін кешірім өтінемін. Барлық жүлдегер мен бапкерді құттықтаймын. Жаңа жылда Болгария футболы дұрыс бағытпен дами берсе деп тілеймін», — деді Станимир Стойлов видеожолдауында.

«Астана» ФК бас жаттықтырушысы дауыс саны бойынша «Ботев» тәлімгері Николай Киров пен қазақстандық клубтың біріне келуі мүмкін ЦСКА жаттықтырушысы Стамен Белчевтен озып, Болгарияның үздік бапкері атағына ие болды.


Соңғы жаңалықтар