Асылхан Төлепов: “Жеңісімді көктегі періштем, өз Раббысына аттанған ұлыма арнаймын” - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Асылхан Төлепов: “Жеңісімді көктегі періштем, өз Раббысына аттанған ұлыма арнаймын”

Асылхан Төлепов: “Жеңісімді көктегі періштем, өз Раббысына аттанған ұлыма арнаймын”

Асылхан Төлепов 18-нші қарашада ММА спортынан дебюттік жекпе-жегін өткізді. 

  • 24 Қараша 2022
  • 220
Фото - Caravan.kz

Оның қарсыласы таеквандодан қара белбеудің иегері әзірбайжандық Махаррам Ахмадов болды. OCTAGON 37 турнирінде жеңіске жеткен қазақтың белгілі театр және кино актері Асылхан Төлеповтен Caravan.kz порталының тілшісі эксклюзивті сұхбат алды.

—  OCTAGON 37 турниріне жолдама қалай алдыңыз және катысуыңызға не себеп болды?

— Бұл лигага қатысуға кезінде бірге спортпен айналысқан Еламан деген досым ұсыныс айтқан болатын. Ұсынысы әрине мені қызықтырды. Бірақ мен бірден қабылдаған жоқпын. Іштей келісім бергеніммен ата-анамның рұқсатын, батасын алуым керек болды. 4-5 күннің ішінде жауабын бердім яғни қатысатын болдым деп айттым. Қатысқан себебім, артымнан өсіп келе жатқан бауырларыма, інілеріме үлгі болу. Жақсы жағынан спортқа тарту, жақсылыққа жаршы болу. Жаман әдеттерден аулақ болып, спортқа қызықсын деген мақсат қой. Ең бастысы көк туымызды көкте желбірету әрбір азаматтың арманы, мүмкін мені көріп қызығып інілерім спортқа талпынып, қызығып қалады деген ой. Сол себепті бағымды сынап көргім келді.

Бұл сіздің дебютіңіз еді, бірінші рет қатысып жеңіске жетем деп ойладыңыз ба? Қанша уақыт дайындалдыңыз? 

— Иә, бұл дебют. Уайым болды әрине тіпті қатты уайымдадым. Өйткені маған дайындыққа уақыт өте аз бөлінді. Түсірілімді аяқтап барып жаттығуға кірісуге бел будым. Екі апта дайындық жасадым. Осы екі аптада жаттығу жиындарын өткіздім. Әрбір адам жеңіске жетем, жеткім келеді деген ниет, мақсатпен шығады ғой. Дебют болған соң менде қатты уайым болды. Және өз жеріңде көренменнің бәрі сені қолдап келгеннен кейін, үміттерін ақтай аламын ба?,- деген ой болды. Аллаға шүкір, тәжірибелі бапкерлердің, ұстаздардың септігі тиіп жеңіске жеттім. Жүйе бойынша жұмыс жасадық, біздің жүйе іске жарады.


Жеңісіңізді кімге арнайсыз?

— Мені қолдап келген барша қазақ еліне көп-көп рахмет айтамын. Көрерменге алғысым шексіз. Мен бұл алғашқы жеңісімді көктегі періштем, өз Раббысына аттанған ұлым Аханыма арнаймын.

Бұл жекпе-жек әрі қарай жалғасын таба ма? Әлде…? 
— Алла денсаулық берсе, ешқандай жарақаттар болмаса әрине жалғасын табады. Өнерді де қатар алып жүремін, театрды да. Жаз бойы екі жобаны аяқтадым. Жаттығуды аяқтадым. Енді театрға барып қызмет етіп, қоғамдық жұмысымды атқарамын. 2023 жылы бұйыртса көрермендерді жақсы жаңалықпен қуантамын деген ойдамын.

Айта кетсек, көрермендерге "Сартай батыр" атымен танымал актер Әзербайжан өкілін қылқындыру әдісімен 2:1 есебімен жеңді. Ол бірінші раундта-ақ жеңіске жетіп, көрермендерді таң қалдырды. Өйткені бірінші рет октаганға шығып тұрған одан мұндай нәтижені көбісі күтпеп еді. Басында үздіксіз соққы жасаған Асылхан ақырында қарсыласын қылқындырып, ойынды аяқтауға мәжбүр етті.

 

Соңғы жаңалықтар