Аталантадан Токиоға дейін: Олимпиада ойындарында атой салған Қазақстан спортшылары - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аталантадан Токиоға дейін: Олимпиада ойындарында атой салған Қазақстан спортшылары

Аталантадан Токиоға дейін: Олимпиада ойындарында атой салған Қазақстан спортшылары

Пандемияға байланысты 2020 жылдың тамызында өтуі тиіс Токио олимпиадасы кейінге қалдырылды. Жыл басында Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах биыл Олимпиада ойындары жоспарланған уақытта өтетінін мәлімдеді.

  • 22 Наурыз 2021
  • 60
Фото - Caravan.kz

Олимпиадада 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Сондай-ақ биыл дүбірлі додаға бейсбол, каратэ, серфинг, құзға өрмелеу және скейдбординг секілді жаңа спорт түрлері қосылды.

Осы ретте, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне бір тоқталып, шолу жасауды жөн көрдік. Деректерді ұсынған: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті.

Қазақстан егеменді ел ретінде тұңғыш рет 1994 жылы Норвегияның Лиллехаммер қаласында өткен XVII қысқы Олимпиадасына қатысты. Олимпиадаға 67 мемлекеттен 1 737 спортшы қатысты. Олар спорттың 12 түрі бойынша 61 жүлде жиынтығын сарапқа салды.

Лиллехаммерде Қазақстанның туы астында 29 спортшы өнер көрсетті. Сол жарыста шаңғышы Владимир Смирнов қана жеңіс тұғырына көтерілді. Ол ерлер арасындағы 50 шақырымдық жарыста мәре сызығын бірінші болып қиды. Бұл – тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы Олимпиада ойындарының бірінші жүлдесі, азаттықтың алғашқы алтыны болатын.

Келесі Олимпиада ойындары екі жылдан кейін, 1996 жылы Атланта (АҚШ) қаласында өтті. Жазғы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар 11 медаль жеңіп алды. Үш отандасымыз чемпион атанып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Олар: Василий Жиров — 81 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан боксшы. Олимпиада нәтижесі бойынша Вэл Баркер кубогына қол жеткізген алғашқы отандасымыз.

Юрий Мельниченко — грек-рим күресінен 57 келі салмақта өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды. Александр Парыгин бессайыстан Олимпиада чемпионы болды. Боксшы Болат Жұмаділовке (51 келіге дейін салмақта), нысана көздеуден Сергей Беляевке, ауыр атлет Анатолий Храпатыйға күміс бұйырды. Қола медалін былғары қолғап шеберлері Болат Ниязымбетов (63,5 келіге дейін), Ермахан Ыбрайымов еншіледі. Сондай-ақ нысана көздеуден Владимир Вохмянин мен еркін күрестен Мәулен Мамыров алды.

СИДНЕЙ ОЛИМПИАДАСЫ — 2000 ЖЫЛ

Сиднейден де жерлестеріміз 3 алтын, 4 күміс медальмен оралды. Бекзат Саттарханов — Олимпиада чемпионы, 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Ермахан Ыбрайымов — 71 келіде бокстасты. Ольга Шишигина — кедергілермен 100 м қашықтыққа жүгіру бойынша жеңімпаз атанды.

Ал, боксшылар Болат Жұмаділов (51 келіге дейін) және Мұхтархан Ділдәбеков (91 келі) және еркін күрестен Ислам Байрамуков пен велошабандоз Александр Винокуров күміс алды.

АФИНЫ ОЛИМПИАДАСЫ — 2004 ЖЫЛ

2004 жылғы Афины Олимпиадасында 119 қазақстандық 17 спорт түрінен өнер көрсетті. Тек жалғыз спортшымыз ғана жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ол — 69 келі салмақта өнер көрсеткен Бахтияр Артаев болатын. Ол сондай-ақ Олимпиада чемпионы атағымен қоса, Вэл Баркер кубогын да жеңіп алды. Осылайша Вэл Баркер кубогын иеленген екінші қазақстандық боксшы атанды.

БЕЙЖІҢ ОЛИМПИАДАСЫ — 2008 ЖЫЛ

Бейжіңде 2 отандасымыз жеңіс тұғырынан көрінді. Оның бірі 69 келі салмақта жұдырықтасқан боксшымыз Бақыт Сәрсекбаев болса, екіншісі ауыр атлетикадан 94 келі салмақта сынға түскен спортшымыз Илья Ильин болатын. Алайда, кейін Ильиннің жеңісін Халықаралық олимпиада комитеті допинг қолданды деп қайтарды.

ЛОНДОН ОЛИМПИАДАСЫ — 2012 ЖЫЛ

Лондон олимпиадасы тәуелсіз Қазақстан тарихына алтын әріптермен жазылды. Онда қазақстандық спортшылар 7 алтынды қоржынға салды. Алайда, Халықаралық олимпиада комитеті тағы да допинг дауымен 4 спортшымызды медалінен айырды. Олардың ішінде өз атақтарын үш атлетіміз сақтап қалды. Олар: велошабандозымыз Александр Винокуров, үш қарғып секіру сайысынан Ольга Рыпакова және даңқты боксшымыз Серік Сәпиев.

Айта кететіні, Серік чемпиондық атақпен бірге Вэл Баркер кубогына ие болған қазақ жерінен шыққан үшінші спортшы атанды. Ал, ауыр атлетикадан Зульфия Чиншанло (53 келі), Майя Манеза (63 келі), Светлана Подобедова ( 75 келі) және Бейжіңде де чемпион атанған даңқты ауыр атлетіміз Илья Ильиннің (94 келі) чемпиондық атақтары күшін жойды. Бұған басты себеп — допинг дауы болды.

Қазақстан құрамасы үшін Сочидегі XXII қысқы Олимпиада ойындары айтарлықтай сәтті болмады. Бұл Олимпиада да жеңіс тұғырына мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен ғана шықты. Ол қола медаль олжалады.

РИО ОЛИМПИАДАСЫ — 2016 ЖЫЛ

Қазақстаннан әлемдік бәсекеге 26 спорт түрінен 104 спортшы қатысып, бақ сынады. Қазақстандықтар барлығы 17 медаль (3 алтын, 5 күміс, 9 қола) алып, ел спорты тарихында күміс және жалпы жүлделер саны жөнінен рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Алтын медальді Нижат Рахимов (ауыр атлетика), Дмитрий Баландин (жүзу спорты), Данияр Елеусінов (бокс) жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар