Атақты боксшы Майк Тайсон 50 жасқа толды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атақты боксшы Майк Тайсон 50 жасқа толды

Атақты боксшы Майк Тайсон 50 жасқа толды

Бүгін - әлемге аты танымал қолғап шебері Майк Тайсонның туған күні. Бұрынғы боксшы 50 жасқа толып отыр.

  • 30 Маусым 2016
  • 428
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды. Тайсон өзінің кәсіби спорттық мансабын 1985 жылдың наурызында бастап, 1986 жылдың қарашасында тарихта алған рет әлем чемпионы титулын жеңіп алған аса ауыр салмақтағы ең жас боксшы атанды. Ал 1987 жылдың 1 тамызында ол әлемнің абсолютті чемпионы болған ең жас боксшы атанды. 1986, 1988 жылдары «Жыл боксшысы», ал 2011 жылдың маусымында Халықаралық бокс мансабы залының құрамына енді. Айта кетейік, Тайсон кірісі ең жоғары боксшы еді. Алайда шаршы алаң сыртында басы дауға қалып, түрмеде жазасын да өтеген болатын. Бұл  өз кезегінде спорттық жолына әсер етпей қоймады. 2005 жылдың жазында кезекті жеңілісінен кейін ол спорттық мансабын аяқтады, бірақ жанкүйерлер көзінен ғайып болмады. Майк Тайсон кино, музыка промоуторлық кәсіпте, тіпті театрда бағын сынап жүр. 
 

Соңғы жаңалықтар