Атақты Майк Тайсон мен Рой Джонстың рингте кездесетін күні белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атақты Майк Тайсон мен Рой Джонстың рингте кездесетін күні белгілі болды

Атақты Майк Тайсон мен Рой Джонстың рингте кездесетін күні белгілі болды

Калифорния штатында қайырымдылық турнирі ретінде ұйымдастырылатын жекпе-жек сегіз раундтан тұрады

  • 24 Шiлде 2020
  • 79
Фото - Caravan.kz

 Ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Майк Тайсон Калифорниядағы Карсонда 12 қыркүйек күні әлемнің экс-чемпионы Рой Джонспен кездеседі, деп жазды Caravan.kz порталы sputniknews.kz-ке сілтеме жасап.

Көптен күткен жекпе-жектің трансляциясы Triller әлеуметтік желісінде қол жетімді болады. Жекпе-жектің өзі көрме сипатында ұйымдастырылып, одан жиналған қаражат қайырымдылыққа жіберіледі.

​2020 жылдың сәуір айының соңында 54 жастағы Тайсон қайырымдылық турнир үшін кәсіпқой рингке қайта оралғысы келетінін мәлімдеген. Аты аңызға айналған боксшы өзінің соңғы жекпе-жегін 2005 жылы Кевин Макбрайдқа қарсы өткізіп, жеңілген. Жалпы Тайсон 58 жекпе-жегінің 50-ін жеңіспен аяқтаған.


Ал Рой Джонстың соңғы жекпе-жегін 2018 жылдың ақпанында Скотт Сигмонмен өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіліс тапқан. Ол өз мансабындағы 77 кездесудің 66-сында жеңіске жеткен (47 нокаут). Джонсқа ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионымен кездесу туралы ұсыныс түскенде, ол бірден келісім берген.

 

Соңғы жаңалықтар