Жарияланды: 470

«Атлетико»-«Астана» матчы: жерлестеріміз ойсырай жеңілді - ВИДЕО

«Атлетико»-«Астана» матчы: жерлестеріміз ойсырай жеңілді - ВИДЕО

Мадридте «Атлетико» және «Астана» командалары арасында Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің матчы өтті. Кездесуде жерлестеріміз испандықтардан 4:0 есебімен жеңіліс тапты.

Еске сала кетейік, қос команданың құрамы мынандай болды:

«Атлетико»: Облак, Годин, Сикейра, Савич, Хуанфран, Тьягу, Гризманн, Габи, Сауль Ньигес, Мартинес, Карраско;

«Астана»: Эрич, Ахметов, Бейсебеков, Илич, Постников, Жуков, Кетевоама, Мужиков, Дедечко, Щеткин, Кабананга.

Матч Астана уақыты бойынша 00:45-те басталды.

Гол авторлары - Сауль Ньигес 23 (1:0), Мартинес 29 (2:0), Оливер Торрес 63 (3:0), және 89 минуттағы Дедечконың автоголы (4:0).

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін