Атырауда ағымдағы жылдың желтоқсан айында жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешенін ашу жоспарланған
Атырау. 11 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Атырауда ағымдағы жылдың желтоқсан айында жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешенін ашу жоспарланған, деп хабарлайды агенттік тілшісі Атырау облысының денешынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап. |
"Спорттық кешен қаладағы аса ірі "Привокзальный" ықшамауданында салынуда. Бұл жалпы аумағы 5500 шаршы метрді құрайтын екі қабатты ғимарат болмақ. Онда үлкен ойын залы, бокс, күрес және тренажер залдары болмақ. Оның сыртында мини-футбол алаңдары мен үлкен теннис корты ашылады", -деп хабарлайды басқарма.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін