Жарияланды: 740

Атыраудың көркем гимнастика құрамасының мүшелері Түркиядағы турнирден жүлдемен оралды

Стамбұлда көркем гимнастикадан ІІІ халықаралық турнир өтті, онда атыраулық жас спортшы қыздар бірнеше жүлделі орындар жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі.

12 жастағы Яна Хаметова өзінің жасындағы спортшылар арасында 1-ші орын алды. 11жастағы Айдана Шакенова 2-ші орында. Турнирдің 6жастағы дебютанты Әнел Әбдірақ 4-ші орын алды. Атырау құрамасының жүлдегерлерін Әсел мен Көклан Егеубаевтар жаттықтырған. Көркем гимнастикадан ІІІ халықаралық турнирге 12 елдің спортшылары қатысты, олардың ішінде Әзербайжан, Англия, Қазақстан, Молдавия, Ресей, Сербия, Өзбекстан және Украина өкілдері бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін