Атыраулық самбошы қыз Азия чемпионатында алтын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атыраулық самбошы қыз Азия чемпионатында алтын алды

Атыраулық самбошы қыз Азия чемпионатында алтын алды

Ташкентте өткен самбодан Азия чемпионатында атыраулық балалар мен жаөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі, Қазақстан құрамасының мүшесі Бибігүл Баймұратова алтын жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі.

  • 7 Маусым 2011
  • 419
Фото - Caravan.kz

Самбошы қыз 3 жекпе-жектің үшеуінде де қарсыластарынан басым түсті. 48 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесі бойынша финалдық кездесуде Б. Баймұратова түркменстандық балуан қызды жамбасқа салып, жеңімпаз атанды.

Қазақстандық спортшы бұл жеңісімен халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.

Тағы бір атыраулық балуан Асланбек Әзімов жігіттер арасында күміс жүлдегер атанды.

Соңғы жаңалықтар