Атыраулық волейболшы жігіттер барлық қарсыластарын ойсырата ұтты - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атыраулық волейболшы жігіттер барлық қарсыластарын ойсырата ұтты

Атыраулық волейболшы жігіттер барлық қарсыластарын ойсырата ұтты

Таразда 23-29 қараша күндері волейболдан Жоғары лиганың «Б» дивизионындағы ерлер командалары арасында Қазақстан чемпионатының 1-ші тур ойындары болды.

  • 30 Қараша 2012
  • 310
Фото - Caravan.kz


Ақтық сынға дейін мәреге алаң қожайындарымен («Тараз-ТарМУ») қатар келген «Атырау-2» командасы кеше шешуші сында 3:1 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 21 ұпаймен бірінші орын алды. Олардан 2 ұпайы кем тараздықтар екінші орынды қанағат тұтты. Одан кейінгі орындарды 15 ұпаймен «Мұнайшы» (Ақтау), 12 ұпаймен «ТНК Қазхром-2» (Хромтау), 6 ұпаймен «Қостанай», 5 ұпаймен «Астана-Ұлан», 4 ұпаймен «Қорқыт Ата-ҚМУ» (Қызылорда), 3 ұпаймен «Шығыс ҚорғасынҚұрылыс-3» (Өскемен) өзара бөлісті. Көш басындағы екі команда қарсыластарына 2 партияда ғана есе жіберсе, ақтаулықтар — 8, хромтаулықтар — 9, қостанайлықтар мен астаналықтар — 17, қызылордалықтар мен өскемендіктер — 19 партияда жеңілістің ащы дәмін татты.