Қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитов (18-7-1) келесі жекпе-жегін өткізу үшін Мәскеуге барды, — деп хабарлайды Caravan.kz порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Cпорт порталының мәліметінше, Хамитов 25 қыркүйекте Fight Nights Global 98 турниріне қатысады. Қазақстандық спортшының қарсыласы — ресейлік Олег Косинов (7-5).
Еске салайық, соңғы рет Хамитов октагонға 2019 жылдың 25 сәуірінде Мәскеуде өткен Fight Nights Global 93 турнирінде шыққан болатын. Ол кезде Қуат әзербайжандық Нариман Аббасовтан (24-3) төрешілер шешімімен жеңілген еді.