Жарияланды: 280

«Australian Open-2013»: Первак екінші кезеңге шықты

Қазақстандық теннисші 21 жастағы Ксения Первак неміс Мона Бартелді ұтып, екінші кезеңге шықты - 7:5, 2:6, 6:4, деп хабарлайды «Аламан» ұлттық спорт порталынан.

Бұған дейін Г.Воскобоева Винус Уильямстан жеңіліс тапқан болатын. Апалы-сіңлілі Уильямстердің үлкені Галинаға қарсы сайысты айқын басымдылықпен өткізіп, біздің жерлесімізге тек бір геймді ғана беріп қойды. Осылайша Винус Уильямс Галина Воскобоеваға еш мүмкіндік қалдырмай, екінші партияны «6:0» есебімен аяқтады. Енді келесі кезекте Уильямс франциялық Ализа Корнеге немесе жаңа зеландиялық Марина Эраковичке қарсы ойнайды. Бұдан бөлек тағы бір қазақстандық теннисші Сесиль Каратанчева Мельбурндегі осынау турнирде қытай қызы На Лиден айласын асыра алмады. Бұнда да бірінші сетте На Ли 6:1 есебімен айқын басымдық танытқан болатын. Ал екінші сетте жерлесіміз Каратанчева қанша қарсылық танытқанымен, әккі қытайлық тәжірибесінің молдығымен тағы да ұтып, екінші айналымға өтті. Ерлер арасында Михаил Кукушкин австриялық Мельцерден ұтылды. Теннис. Australian Open-2013. Мельбурн Әйелдер. Жеке сын. 1- айналым: Винус Уильямс (АҚШ) - Галина Воскобоева (Қазақстан) - 6:1, 6:0; На Ли (Қытай) - Сесиль Каратанчева (Қазақстан) - 6:1, 6:3. Мона Бартел (Германия) - Ксения Первак (Қазақстан) - 5:7, 6:2. 4:6 Ерлер. жекелей сын. 1-айналым Юрген Мельцер (Австрия, 26) - Михаил Кукушкин (Қазақстан) - 6:1, 6:1, 6:2

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін