Ауыр атлет Александр Уваров Азия чемпионатының күміс медалін алды - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 447.89
  • 476.78
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыр атлет Александр Уваров Азия чемпионатының күміс медалін алды

Ауыр атлет Александр Уваров Азия чемпионатының күміс медалін алды

Ауыр атлетикадан Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан Азия біріншілігінде Қазақстан командасы екінші жүлдесін жеңіп алды. 
 

  • 7 Ақпан
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Александр Уваров күміс жүлдегер атанды. Ол жұлқа көтеруде 153 келі, серпе көтеруде 190 келіні көтерді.

Бұл салмақта Солтүстік Корея өкілі топ жарса, қоланы Түркменстан спортшысы иеленді.

Әлібек Рақымберді 5-орынмен шектелді.

Соңғы жаңалықтар