Ауыр атлет Рахимов Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды әкелді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыр атлет Рахимов Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды әкелді

Ауыр атлет Рахимов Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды әкелді

Қазақстандық ауыр атлет Нижат Рахимов ерлер арасында 77 килограмм салмақта 379 килограмды көтеріп, олимпиада чемпионы атанды. Ол жұлқа көтеруде 165 килограмды, ал серпе көтеруде 179 килограмды (әлем рекорды) алды.

  • 11 Тамыз 2016
  • 770
Фото - Caravan.kz

Күмісті Лондон олимпиадасының чемпионы қытайлық Люй Сяоцзянь иеленді. Ол да 379 килограмды көтерген. Бірақ жеке салмағы бойынша Рахимовқа жол берді. Қоланы египеттік Мохаммед Махмуд алды – 361 кг.

Нижат Рахимов 2015 жылы Хьюстонда өткен әлем чемпионатында 77 килограмм салмақта алтын алған. Ол Қазақстанға 2013 жылы Әзербайжаннан келген.


Соңғы жаңалықтар