Ауыр атлетикадан әлем чемпионатына кімдер барады? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыр атлетикадан әлем чемпионатына кімдер барады?

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатына кімдер барады?

Ауыр атлетикадан Талдықорғанда аяқталған ҚР спартакиадасынан кейін, бас бапкер Алексей Ни қараша айында АҚШ-та өтетін әлем чемпионатына кімдердің баратынын хабарлады, деп жазады alaman.kz.

  • 9 Қазан 2015
  • 649
Фото - Caravan.kz

Ерлер арасында Хьюстонға баратындар:

Арли Чонтей (56 келіге дейінгі салмақ), Фархад Харки (62 келіге дейінгі салмақ), Нижат Рахимов ( 77 келіге дейінгі салмақ), Дмитрий Уланов (85 келіге дейінгі салмақ), Жасұлан Қыдырбаев (94 келіге дейінгі салмақ), Алмас Өтешов (94 келіге дейінгі салмақ),Александр Зайчиков (105 келіге дейінгі салмақ) және Селімхан Абубакиров (105 келіден жоғары).

Айдар Казов ( 77 келіге дейінгі салмақ) және Ермек Өміртай ( 85 келіге дейінгі салмақ) АҚШ-қа қосалқы құрам ретінде барады. Яғни, егер біреу жарақат алса сол спортшының орнына шығатын болады.

Әйелдер құрамасы:

Маргарита Елисеева (53 келіге дейінгі салмақ), Карина Горичева ( 63 келіге дейінгі салмақ),Жазира Жаппарқұл (69 келіге дейінгі салмақ), Светлана Подобедова, Анна Нұрмұхамбетова ( 75 келіге дейінгі салмақ), Надежда Ногай и Александра Аборнева (75 келіден жоғары салмақта). Қосалқы құрамда Әсем Садықова (58 келіге дейінгі салмақ) және Екатерина Столяренко (69 келіге дейінгі салмақ).

Естеріңізге сала кетейік, ауыр атлетикадан әлем чемпионаты АҚШ-тың Хьюстон қаласында 20 — 29 қараша аралығында өтеді. Дүбірлі додаға төрт дүркін әлем чемпионы, екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин қатыспайды. Отандасымыз Грозныйдағы Ресей Федерациясы Президентінің кубогына қатысатын болды.


Соңғы жаңалықтар