Жарияланды: 60

Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты коронавирустың өршуіне байланысты Қазақстаннан Өзбекстанға ауыстырылды

Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты коронавирустың өршуіне байланысты Қазақстаннан Өзбекстанға ауыстырылды Сурет - Olympic.kz

Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты коронавирустың өршуіне байланысты Қазақстаннан Өзбекстанға ауыстырылды.

Бұл туралы "Р-Спорт" агенттігі Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) сайтына сілтеме жасай отырып жазды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Федерация хабарына қарағанда, бұған дейін коронавирустың таралуына байланысты Қазақстан Үкіметі Қытаймен шектесетін елдерден жолаушыларға кіруді және шығуды шектеді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 15 ақпанда Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың бірде-бір оқиғасы тіркелмегенін, бірақ ел билігі онымен күресуге дайын екенін мәлімдеді.

IWF атқарушы комитеті қалыптасқан жағдайды жедел түрде талқылап, жарысты Өзбекстанға көшіру туралы шешім қабылдады. Осылайша, ауыр атлетикадан Азия чемпионаты 16-25 сәуірде Ташкентте өтетін болды.

Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын Ухандағы белгісіз пневмонияның белең алуынан хабардар етті. Мамандар аурудың қоздырғыштарын анықтады - бұл жаңа коронавирус. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық маңызы бар төтенше жағдайды мойындады және ресми атауы - COVID-2019. Қытайда жұқтырғандар саны 70,5 мың адамнан асты, 1770 адам қайтыс болды, 10,8 мың адам емделіп шықты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін