Жарияланды: 540

Ауыр атлетикадан Надежда Ногай 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында Әлем чемпионы атанды

Бүгін Малайзияның Пенанг қаласында ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында Әлем чемпионатының ақтық сындары өтеді.

Онда ел қоржынына алғашқы алтынды кеше қыздар арасында 75 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Надежда Ногай салды. Ол серпе көтеруде 111 келіні, жұлқа көтеруде 148 келіні бағындырды. Ал тайландтық Читчнок Пулсабсакул серпе көтеруде 123 келіні, жұлқа көтеруде 147 келіні көтерген еді. Екеуі де жалпы есепте 270 келіні көтергенмен, қарсыласынан салмағы жеңіл болғандықтан қазақстандық Әлем чемпионы атанды. 15 жастағы Надежда бұған дейін мамыр айында Перуде 17 жасқа дейінгі ауыр атлеттер арасында да Әлем чемпионатының чемпионы атанған болатын. Онда Алматы облысының Үштөбе қаласында өмірге келген Н.Ногай жұлқа және серпе көтеру мен жалпы есепте де Әлем рекордтарын жаңартқан болатын. Жалпы 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы бұл дүбірлі дода 26-маусым күні өз жалауын көтерген болатын. Онда ел қоржынына алғашқы медальді де қыздар салған болатын. Атап айтқанда 63 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Карина Горичева Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін