Бұл жекпе-жек алтыншы раунд алдында аяқталған еді. Франциялық боксшы кездесуді ары қарай жалғастырудан бас тартты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
"Өткен айқас туралы қысқаша айтсақ, нәтижесі осы! Жаңа титул, жаңа тарих! Біз мақсатымызға ары қарай жүре береміз! Құттықтауларыңызға рахмет, жекпе-жек алдындағы және одан кейінгі тілектеріңіз үшін! Алаңдап, жанкүйер болып, жекпе-жекті күтіп, ұйықтамағандардың бәріне және ұйықтап қалғандарға да Рахмет", — деп жазыпты боксшы Instagram желісінде.