Жарияланды: 440

А.Винокуров EXPO-2017-ні қолдау мақсатында «Париж-Астана» бағыты бойынша велошеру ұйымдастыруды ұсынды

Олимпиада чемпионы Александр Винокуров EXPO-2017 Дүниежүзілік көрмесін өткізуге

Қазақстан астанасының кандидатурасын қолдау үшін «Париж-Астана» бағыты бойынша күннен қуат алатын велосипедтердің марафонын өткізуді ұсынды. ҚР Сыртқы істер министрлігінен нақтылағандай, мұндай бастаманы спортшы Францияда Қазақстан Республикасы Күніне арналған ресми қабылдау барысында айтты. Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосынан мәлім еткендей, велошеру 2013 жылы ұйымдастырылуы мүмкін. «Шараға қатысушылар Қазақстанның белгілі спортшысының сөзін зор қызығушылықпен қабыл алды», - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметінен. Айта кетейік, Қазақстан ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру құқығы шеңберінде ұсынған «Болашақ энергиясы» тақырыбының өзектілігін қабылдауға қатысқан БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Филипп Дуст-Блази, Қуат жайындағы халықаралық агенттігі басшысының орынбасары және АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы Елшісі Ричард Джоунс, Францияның Атом қуаты мен баламалы қуат көздері жөніндегі комиссариаты директорының орынбасары Эрве Бернар айрықша атап өтті. Қабылдауда шетелдік дипломаттардан басқа саясаткерлер, жаңғырмалы қуат көздері саласына қатысты француз министрліктері мен ведомстволардың, ірі компаниялардың, сондай-ақ еуропалық және жергілікті БАҚ пен қоғам өкілдері болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін