Ә.Жақсыбеков «Астана» футбол клубын құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ә.Жақсыбеков «Астана» футбол клубын құттықтады

Ә.Жақсыбеков «Астана» футбол клубын құттықтады

Қазақстандық футбол тарихында алғаш рет "Астана" ФК Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде ойнады.

  • 27 Тамыз 2015
  • 449
Фото - Caravan.kz


Бүгін таңертең футболшылар елордаға оралды. Орталық алаңда футболшыларды ұлықтау салтанатына астаналықтар мен жанкүйерлер жиналды. 

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков футболшыларды жеңістерімен құттықтады.
— Сіздер лайықты ойын үлгісін көрсеттіңіздер. Кеше түнде барлық елорда тұрғындары сіздерді қолдау үшін алаңға жиналды. Сіздер — Астананың ғана емес, күллі Қазақстанның мақтанышысыздар! Мемлекет басшысы отандық футболдың дамуына көп көңіл бөледі. Президенттің қолдауы арқасында ел футболшылары осындай жеңістерімен бізді қуантуда, — деді қала басшысы.
Еске сала кетейік, «Астана» футбол клубы АПОЭЛ құрамасына қарсы Никосияда өткен қарымта матчта тең ойын көрсетті. Қорытынды есеп 1:1, алайда екі матч қорытындысы бойынша «Астана» құрамасы Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне шықты. 3000-нан астам футбол жанкүйерлері түнде «Қазмедиа орталығы» алдында жиналып, үлкен экрандардан аталмыш ойынды тамашалады.
Бүгін кешке Швейцарияның Нонье қаласында орналасқан УЕФА-ның штаб-пәтерінде Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіндегі іріктеу рәсімі өткізіледі. Соның нәтижесінде отандық құраманың келесі қарсыластары анықталады. Көрсетілім Астана уақыты бойынша сағат 21:45 өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.
23  

Соңғы жаңалықтар