Ә.Жақсыбеков «Астана» футбол клубын жеңісімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ә.Жақсыбеков «Астана» футбол клубын жеңісімен құттықтады

Ә.Жақсыбеков «Астана» футбол клубын жеңісімен құттықтады

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков бүгінгі аппарат жиналысын «Астана» футбол клубын

  • 9 Қараша 2015
  • 394
Фото - Caravan.kz


Қазақстан премьер-лигасында чемпиондықты екінші мәрте жеңіп алуына орай құттықтаудан бастады. 

«Астана» командасы осымен екінші мәрте чемпион болып отыр. Клубтың сәтті ойын көрсетуі жастар арасында үлкен қызығушылыққа ие. Бұл жетістікті иделогиялық жұмыстар мен патриотизмді тәрбиелеуде пайдалану қажет», — деп атап өтті Астана қаласының әкімі. 
Әкімнің айтуынша, футбол мен хоккей ойындары және басқа да спорттық шаралардың көбі қоғамдық маңызды оқиғалар болып табылады. Бұл жастар арасындағы құндылықтардың қалыптасуына әсер етеді. Сонымен қатар бұқаралық спортты дамыту, ашық алаңдарды толық пайдалану астаналықтар үшін қолжетімді болуы тиіс.
Еске салайық, елордалық футбол клубын алда үш маңызды ойын күтіп тұр. Атап айтқанда, 21 қараша күні «Астана Арена» стадионында өтетін Суперкубок финалында «Астана» футбол клубы «Қайрат» командасымен кездеседі. Сонымен қатар 25 қарашада Чемпиондар Лигасы топтық кезеңі аясында өз алаңында португалдық «Бенфика» тобын қабылдайды. Ал 8 желтоқсанда Ыстамбұлда елордалық клуб түркиялық «Галатасарай» клубымен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар