Ә.Жақсыбеков «Астана» командасының футболшыларымен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ә.Жақсыбеков «Астана» командасының футболшыларымен кездесті

Ә.Жақсыбеков «Астана» командасының футболшыларымен кездесті

Бүгін Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков Чемпиондар Лигасында үздік өнер көрсетіп,

  • 21 Тамыз 2015
  • 455
Фото - Caravan.kz


кипрлық АПОЭЛ командасын жеңген "Астана" командасының футболшыларымен кездесті, деп хабарлайды astana.kz.

— Өз алаңымыздағы ойынды жеңгенімізбен, осы жеңісті сақтап қалып, тарихи жетістікке қол жеткізу — Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне өту қалды, — деп атап өтті қала басшысы.
Сонымен қатар футболшылармен кездесуде әкім елордалық клубтың сәтті ойыны барлық астаналықтар үшін біріктіруші фактор және мереке болғанын, астаналық аренада алғаш рет европалық футбол атмосферасы сезіліп, отыз мыңға жуық жанкүйер жинаған тартысты ойын өткенін айтып өтті.
Сонымен қатар әкімнің айтуынша, бұл жетістіктер «Астана» клубының еуропалық масштабтағы клуб дәрежесіне дейін өсуінің іргетасы болуы қажет.
Еске сала кетейік, Чемпиондар Лигасының плей-офф раундының бірінші матчында «Астана» командасы кипрлық АПОЭЛ командасын 1:0 есебімен жеңген болатын. 
Командалар арасындағы қарымта ойын 26-ынан 27-іне қараған түні Никосияда өтеді.

Соңғы жаңалықтар