Жарияланды: 460

Азиада-2017: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

Азиада-2017: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

Қазақстандық шаңғышы Ринат Мухин Саппоро қаласында өтіп жатқан Азиада-2017 ойындарында15 шақырым қашықтықтағы жарыста жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ринат Мухин 41 минут 25,3 секунд нәтижемен аяқтады. Ал күміс пен қола жүлделерді Жапония спортшылары иеленді. Тағы үш қазақстандық шаңғышы Сергей Черепанов, Николай Чеботько мен Ердос Ахмадиев төртінші және алтын орын аралықтарында тұрақтады.
Ринат Мухин. Видеодан алынған кадр

Еске сала кетейік, осыған дейін шаңғышы Елена Коломина күміс және қола медальдарды жеңіп алған болатын. Екінші медальді қазақстандық шаңғышы қыз бүгін 10 шақырым қашықтықта жарыстан жеңіп алды.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін