Жарияланды: 420

Азия чемпионаты. Қазақстан өз тарихында екінші рет 1/2 финалға өтті

Азия чемпионаты. Қазақстан өз тарихында екінші рет 1/2 финалға өтті

Қазақстандық волейболшылар өз тарихында екінші рет ерлер арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты.

Игорь Никольченко шәкірттері топта 2 ұпай жинап, үшінші орын алған болатын. Осылайша, ширек финалда қазақстандық волейболшылар Қытайлық Тайпэй командасымен күш сынасады.

Ойын тең дәрежеде өтті, бірақ біздің волейболшылар үш сетте де басымдыққа қол жеткізді — 22:25, 22:25, 23:25. Осылайша, Қазақстан құрамасы өз тарихында екінші рет құрлықтық доданың жартылай финалына шығып отыр. Алғаш рет 1993 жылы өткен болатын.

Енді Қазақстан құрамасы жартылай финалда Оңтүстік Корея – Қытай матчының жеңімпазымен кездеседі. Жартылай финалдық ойындар 31 шілдеде өтеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін