Жарияланды: 350

Азия чемпионатында бірнеше қазақ балуаны финалға шықты

Азия чемпионатында бірнеше қазақ балуаны финалға шықты Сурет - prosports.kz

Нью-Делиде грек-рим күресінен Азия чемпионаты өтуде.

Бүгін жерлестеріміз: 66 келі Алмат Кебіспаев, 75 келі Мақсат Ережепов, 80 келі Даниял Гаджиев, 98 келі Ерұлан Искаков, 130 келіде Дамир Күзембаев сайысқа түсті. Жерлестеріміз жарыстың алғашқы кезеңінде сәтті өнер көрсетті. Мәселен, Алмат кебіспаев, Мақсат Ережепов және Дамир Күзембаев финалға шықса, Ерұлан Искаков пен Даниял Гаджиев үшінші орын үшін белдеспек.

Айта кетейік, финалдық белдесулер Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін