Азия чемпионатының ширек финалында 8 қазақстандық бақ сынайды
![]() |
Бангкокта бокстан Азия чемпионатының ширекфиналдық жекпе-жектері аяқталды, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясынан. |
Бірінші кезеңдерде біздің командамыздан екі спортшы - өзбек боксшысы Хасанбой Дусматовтан жеңілген Теміртас Жүсіпов (49 келі) пен тағы бір өзбекстандық Фазлиддин Гаибназаровтан ұтылған Самат Башенов (60 келі) шығып қалды.
Енді жарысты Қайрат Ерәлиев (56 келі), Данияр Елеусінов (69 келі) Жәнібек Әлімханұлы (75 келі) және ауыр салмақтағы Иван Дычко (91 келі) мен Василий Левит (+91 келі), сондай-ақ 1/8 соңғы күні күш сынасқан Әділбек Ниязымбетов (81 келі) және Олжас Сәттібаев (52 келі) жалғастырады.


Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін