Азия чемпионатының жартылай финалы: Бүгін 11 боксшымыз рингке шығады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азия чемпионатының жартылай финалы: Бүгін 11 боксшымыз рингке шығады

Азия чемпионатының жартылай финалы: Бүгін 11 боксшымыз рингке шығады

23 қаңтар күні Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатында ерлер жартылай финал кездесулерін өткізеді.

  • 23 Қаңтар 2023
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан құрамасынан рингке 11 боксшы шығады. Жекпе-жектердің тікелей эфирі астана уақытымен сағат 13.00-де басталады.

Спортшыларымыздың қарсыластары:

48 кг. Санжар Тәшкенбай — Наттхапхонг Тхуамчароен (Таиланд)

54 кг. Нұрсұлтан Алтынбек — Ислам Торобаев (Қырғызстан)

57 кг. Махмуд Сабырхан — Джеричо Акайлар (Филиппины)

60 кг. Талғат Сырымбетов — Пхутханет Родсук (Таиланд)

63,5 кг. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы — Тулга Оюнбаатар (Моңғолия)

67 кг. Абзал Серік — Пенх Вантхунг (Камбоджа)


71 кг. Сабыржан Аққалықов — Довуд Махкамов (Тәжікстан)

75 кг. Диас Молжігітов — Аиликути Кахаер (Қытай)

80 кг. Ерасыл Жақпеков — Джасурбек Юлдошев (Өзбекстан)

92 кг. Ерхат Бекзат — Нусратбек Тохиров (Өзбекстан)

+92 кг. Аманат Сабырғали — Джахонгир Зокиров (Өзбекстан).

19-22 жастағы боксшылар арасындағы Азия чемпионаты (U-22) 16 қаңтар күні басталған болатын. Финалдық жекпе-жектер 26 қаңтарға дейін өтеді.

Соңғы жаңалықтар