Рахатов осыдан үш жыл бұрын жарақатына байланысты ауыр атлетикадан кеткен еді. Биыл ол Қызылордада өткен Қазақстан кубогында ол 60 келіде жарысқа қатысып, қола жүлдеге ие болды. Жақында ол «Аламанға» өзінің спортқа толыққанды қайтып келгенін мәлімдеді.
- Алдағы мақсатым - ұлттық құрамадан орын алу, - дейді спортшы.