Азия ойындарында Қазақстан құрамасы Палестинаны жеңді
![]() |
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындары аясында жағажай волейболынан Қазақстан ерлер құрамасы матч өткізді. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Prosports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Нұрдос Алдаш пен Кирилл Гурин палестиналық А.Аларкан/И.Кассия жұбын 21:15, 21:16 есебімен жеңді.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық қыздар Алина Раченко мен Анастасия Уколова жапониялық Акико Хасегава/Юрика Сакагучи жұбынан жеңілген болатын - 9:21, 11:21.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін