Жарияланды: 380

Бакуде студенттер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар төрт «қоланы» қанжығасына байлады

Бакуде студенттер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар төрт «қоланы» қанжығасына байлады, деп хабарлады Vesti.kz.

Қазақстандықтар барлық салмақ санаттары бойынша сайысқа түсті, алайда төрт боксшы ғана жартылай финалға жетті. Дегенмен олардың бірде-біреуі финалға шыға алмады. 49 келіге дейінгі ең жеңіл салмақта Түркия өкілі Ферхат Пехливанмен жартылай финалда қолғап түйістірген Олжас Байниязов 7:14 есебімен есе жіберді. 69 келіге дейінгі санатта Абылайхан Мұратов қарсыласына небәрі екі ұпай ғана ұтылды. Оның үстіне төрешілер Мұратовтың қарсыласы - әзірбайжандық Тамерлан Абдуллаевқа бүйрегін бұрып, жеңісті алып бергендей болды. Сөйтіп, жарыс қожайыны чемпион атанды. Абзал Құттыбеков (75 келі) финал үшін сайысында 4:8 есебімен ұтылып, турнирдің күміс жүлдесіне ие болған ресейлік Әмір Сүлейменовке жол берді. Төртінші, соңғы қола медальға Ерасыл Сейфолданов (81 келіге дейін) ие болды.Сейфолдановтың соңғы айқасы ресейлік Сергей Никитинмен өтті, екінші раундта қарсыластың айқын басымдығына орай рефери сайысты тоқтаты. Студенттер арасындағы әлем чемпионаты. Баку, Әзірбайжан. 49 келі 1.Салман Ализаде (Әзірбайжан) 2.Ферхат Пехливан (Түркия) 3.Олжас Байниязов (Қазақстан), Магомед Ибиев (Ресей) 69 келі 1.Тамерлан Абдуллаев (Әшірбайжан) 2.Онур Сипал (Түркия) 3.Абылайхан Мұратов (Қазақстан), Евгений Кошкаров (Ресей) 75 келі 1.Эмиль Ахмадов (Әзірбайжан) 2.Әмір Сүлейманов (Ресей) 3.Абзал Құттыбеков (Қазақстан), Тарас Макаров (Украина) 81 келі 1.Александр Ганзуля (Украина) 2.Сергей Никитин (Ресей) 3.Ерасыл Сейфолданов (Қазақстан), Ватан Гусейнли (Әзірбайжан)

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін