”Балаңыз маған керек, кіріспеңіз дедім”: “Жетісудың” бас бапкері Қашкеннің әкесіне қандай өтініш жасағанын жайып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.83
  • 600.58
-8 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Балаңыз маған керек, кіріспеңіз дедім”: “Жетісудың” бас бапкері Қашкеннің әкесіне қандай өтініш жасағанын жайып салды

”Балаңыз маған керек, кіріспеңіз дедім”: “Жетісудың” бас бапкері Қашкеннің әкесіне қандай өтініш жасағанын жайып салды

Футболдан “Жетісу” құрамасының бапкері Қайрат Нұрдәулетов Дінмұхаммед Қашкен туралы өз ойын айтты.

  • 5 Қаңтар
  • 211
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бүгінде бапкерлікке бет бұрған экс-футболшы Қайрат Нұрдәулетов “Fonteam” арнасына берген сұхбатында Қашкеннің әкесіне қандай өтініш жасағанын жайып салды.

”Димаш командаға керек. Бізде қазір Қазақстанда ойыншылар өте аз. Ол жігіттің артында кішігірім жүріп өткен жолы, доп ойнаған, ұлттық құрамада ойнаған тарихы бар. Тәжірибесі де бар, халықаралық деңгейді көрген жігіт. Мүмкін, бағын ашатын біз шығармыз. Көрейік деп жатырмыз. Оның әкесі Болат ағамен де сөйлестім. “Сізге бір ғана өтініш бар. Кіріспеңіз, балаңыз маған керек. Баланы ойнайтайық” дедім. Ол кісі “маға осы керек еді, ешкім бұлай айтпаған” деді. Димаштың өзі, әкесі болды, сөйлестік. Димаш біріншіден, маған ойыншы ретінде, екіншіден, біз жас команда жинап жатқаннан кейін раздевалкадағы атмосфераны жасау үшін керек”, — дейді ол.

Сондай-ақ, ол Ұлттық құрамаға Лихтенштейнге қарсы матчқа Димаш Қашкенді шақырғанда таң қалғанын да жасырмады.

”Бәрі таң қалған шығар, мен де таң қалдым. Шақыртудың себебі белгілі ғой, бізде қазір ойнай алатын футболшылар аз”, — дейді ол.

Еске сала кетейік, Дінмұхаммед Қашкеннің Ұлттық құрамаға шақырту алуы жанкүйерлердің наразылығын тудырып, әлеуметтік желіде қызу талқыланған еді.

Дінмұхаммед Қашкен — “Атлетико Мадрид” академиясынан “Астанаға” ауысқан. Кейін “Ақтөбе”, “Қайсар”, “Шахтер” және Литваның “Жальгирис” клубтарында ойнаған. Футболшының әкесі – Болат Бақтаев, Республикалық киокушинкай каратэ федерациясының басшысы.