Бангкоктағы турнирде 8 қазақстандық алтын үшін жұдырықтасады - kaz.caravan.kz
  • $ 491.29
  • 562.92
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бангкоктағы турнирде 8 қазақстандық алтын үшін жұдырықтасады

Бангкоктағы турнирде 8 қазақстандық алтын үшін жұдырықтасады

15 наурыз, жексенбі күні Қазақстан ұлттық құрамасының сегіз боксшысы Бангкокта өтіп жатқан "Болашақ кубогы" турнирінде ақтық жекпе-жектер өткізеді.

  • 15 Наурыз
  • 1
Фото: ҰОК

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан құрамасы әйелдер арасындағы жарыста екі боксшымен, ал ерлер арасында алты спортшымен ұсынылған. Қазақстандық спортшылардың төрт кездесуі Өзбекстан боксшыларымен өтеді.

Алтын медаль үшін бір жекпе-жекте қазақстандық боксшы Таиланд өкілімен, ал басқа кездесулерде Италия, Қырғызстан және Грузия спортшыларымен кездеседі.

Күндізгі сессия. 9:00

5-жұп. Әйелдер, 80 кг. Ринг A
Айдана Убайдуллақызы — Асалой Бахтиёрова (Өзбекстан);

8-жұп. Ерлер, 60 кг. Ринг A
Досжан Жұмақан — Сива Чайнаронг (Таиланд);

9-жұп. Ерлер, 75 кг. Ринг A
Хамза Мақсатұлы — Сухроб Рахматуллаев (Өзбекстан);

10-жұп. Ерлер, 90 кг. Ринг A
Жалғас Өтебеков — Асадбек Сұлтанбоев (Өзбекстан).

Кешкі сессия. 13:30

4-жұп. Әйелдер, 70 кг. Ринг A
Камила Оспанова — Сара Скоррано (Италия);

7-жұп. Ерлер, 70 кг. Ринг A
Бейбарыс Әшірбай — Ахмади Арваз (Қырғызстан);

8-жұп. Ерлер, 80 кг. Ринг A
Тимур Тайбеков — Давит Мхитцадзе (Грузия);

10-жұп. Ерлер, +90 кг. Ринг A
Владислав Саможонов — Ислам Салихов (Өзбекстан).

Бұған дейін қазақстандық боксшылар Жалғас Өтебеков, Досжан Жұмақан, Бейбарыс Әшірбай, Камила Оспанова және Айдана Убайдуллақызы жартылай финалда қарсыластарын жеңіп, финалға жолдама алған болатын.

Кейін оларға Хамза Мақсатұлы мен Тимур Тайбеков қосылды.