БАҚ: Головкин Сондерспен жекпе-жекке шықпайтын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БАҚ: Головкин Сондерспен жекпе-жекке шықпайтын болды

БАҚ: Головкин Сондерспен жекпе-жекке шықпайтын болды

Yahoo! Sports порталының хабарлауынша, мұның орнына қазақстандық боксшының командасы қыркүйекте Сауль Канело Альвареспен жекпе-жекке дайындалады. Геннадийдің промоутері Том Леффлер мексикалық тараппен келіссөздер жүргізуді жалғастыруда, алайда жағдай туралы тілшілерге пікір білдіруден бас тартқан. Бастапқыда Головкин мен Сондерс жекпе-жегі маусым айына жоспарланған еді. Өткізу орны Астана қаласы деп жорамалданған.

Бұған дейін Головкиннің келесі жекпе-жегі Астанада маусым айында өтеді деп хабарланған

  • 11 Сәуiр 2017
  • 722
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін Головкиннің келесі жекпе-жегі Астанада маусым айында өтеді деп хабарланған еді. Алайда Сондерспен Головкин айқасы кейінге шегерілді. Қарсылас жақ бұған Головкиннің жарақат алуы себеп болғанын айтты. Ал, Головкиннің бапкері спортшының ауыр жарақат алғанын теріске шығарды.


Қазіргі уақытта Головкин WBC, WBA (Super), IBF және орта салмақтағы IBO титулының иегері. Оған абсолютті чемпион атану үшін Сондерстің илелігіндегідей WBO атағы ғана жетіспейді.

Соңғы жаңалықтар