”Бар білгенімді үйретемін”: Әбиба Әбужақынова қуанышты жаңалығымен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Бар білгенімді үйретемін”: Әбиба Әбужақынова қуанышты жаңалығымен бөлісті

”Бар білгенімді үйретемін”: Әбиба Әбужақынова қуанышты жаңалығымен бөлісті

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін дзюдошы, ұлттық құраманың көшбасшысы Әбиба Әбужақынова қуанышты жаңалығымен бөлісті.

  • 15 Тамыз
  • 150
Фото: Әбиба Әбужақынованың Instagram парақшасынан алынды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында бапкерлікті де қолға алғанын мәлімдеді.

«Жуырда «Әбиба» дзюдо клубы ашылады. Менің клубымның жаттықтырушысы Асылбек Шаханов және өзім боламын. Оқу-жаттығуларымның көбі Астана қаласында өтетіндіктен, жиі барып тұрамын. Өз оқушыларыма тәжірибелеріммен бөлісіп, білгенімнің бәрін үйретемін. Олардың чемпион болуына бар күшімді саламын. 6-17 жастағы қыз-ұл балаларды қабылдаймыз», – дейді ол.

Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова – әйелдер арасында Қазақстаннан шыққан тұңғыш әлем чемпионатының жүлдегері. Ол 2022, 2024 жылдары өткен әлем біріншілігінде қола жүлде иеленген еді. Ал, биыл Будапеште өткен әлем чемпионатында Әбиба Әбужақынова 48 келіде күміс медаль алды. Ол финалда италиялық Ассунта Скуттодан жеңілді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера