"Бәрі қазақтардың кім екенін білді". Дамир Исмағұлов UFC-дегі жекпе-жегінен кейін - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бәрі қазақтардың кім екенін білді". Дамир Исмағұлов UFC-дегі жекпе-жегінен кейін

"Бәрі қазақтардың кім екенін білді". Дамир Исмағұлов UFC-дегі жекпе-жегінен кейін

Ол бұл ұйымда жеңіске жеткен алғашқы қазақ.

  • 4 Желтоқсан 2018
  • 66
Фото - Caravan.kz


Ресейлік қазақ Дамир Исмағұлов Instagram желісінде UFC жекпе-жегіне неге екі ел туын ұстап шыққанын түсіндірді, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, Исмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін Аустралияның Аделаида қаласында UFC Fight Night 142 турнирі аясында өткізді. Исмағұлов пен Алекс Горджес кездесуі үш раундтан тұрды. Төрешілердің бірауыздан шығарған шешімі (30-25, 30-26 және 30-26) бойынша Исмағұлов жеңімпаз атанды.

"Аралас жекпе-жекке келгенімде, мені ешкім білмейтін. Орынбор облысында, Первомай ауданы, Ударный ауылында туғандықтан @orenburgmma атынан жұдырықтастым! Студентік шақта ақша керек болағындықтан ММА-ға кездейсоқ келдім. Облыста мүмкін болғанның бәрін ұтып, Ресей Кубогын жеңіп алдым! Ресей Супер кубогындағы чемпиондық жүзік үшін жекпе-жек мен үшін сәтсіз болды…

Жарақат алып, Орынборға қайттым. Жабығып жүріп, спортқа оралмаймын деген ой боды… Жарақат жазылып, тоғыз айдан кейін жарыс басталды. Мен дайындалмадым, алайда, ішімдегі жыртқыш бостаныдаққа ұмтылды)!

Шықтым, жеңілдім де, көңілім қатты түсті, алайда, бұл турнир алдында ММА федерациясының президенті Виктор Петрович @clubboec-те келісімшарт ұсынды. Жекпе-жектен кейін ол жеңіліске қарамастан келісімшартқа ұсыныс әлі күшінде деді, осыдан кейін кәсіпқой карьерам басталды!

Ол адамға сөзінде тұратындығына алғысым шексіз! Жекпе-жектер өз атынды шығаратын ғана емес, бұл өмірде бірдеңеге қол жеткізу мүмкіндігі. Көптеген елдерде, қалаларда болдым, көпті көрдім, @m1global белбеуін жеңдім, бірнеше рет қорғадым. М1 чемпионы болып тарихқа кірген жалғыз қазақпын!

Осы уақытта бауырымдай жақын болып кеткен жандар бар, олар Қазақстаннан, сондықтан онда өзімді үйімдегідей сезінемін! Ол жақта мен үшін тақым қысып отыратынын білемін! Белбеуді қорғағаннан кейін үзіліс болды, осымен аяқталды деп ойладым, @ufc келісімшарты шешілмей тұрды! Осы уақытта жалғыз қалдым, өйткені командам маған не керегін білмеді, ал мен ештеңе түсіндіруге тырыспадым… Жай ғана жаттығып, сәтімді күттім, бірақ, ешқандай ынта болған жоқ!

@ufc жекпе-жек берді, біз ұттық, бүкіл әлем маған жанкүйер болып, қолдау көрсетті. Неге 2 тумен шықтым? Өйткені Ресейде тудым, бірақ, Қазақстан да маған бөтен емес! Бұл күні барлығы Орынбор облысы туралы және қазақтардың кім екенін таныды! Жалпы айтқанда қауіпсіздік белбеулерін тағыңыздар, жылдамдық қосамыз достар! Құрметпен Дамир Исмағұлов", — деп жазыпты спортшы.

Соңғы жаңалықтар