«Барселона» футболдан клубтық әлем чемпионатында жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Барселона» футболдан клубтық әлем чемпионатында жеңіске жетті

«Барселона» футболдан клубтық әлем чемпионатында жеңіске жетті

Испанияның "Барселона" командасы футболдан клубтық әлем чемпионатының финалдық ойынында аргентиналық "Ривер Плейт" командасын 3:0 есебімен тізе бүктірді. Кездесу Жапонияда өтті, деп хабарлайды Би-би-си.

  • 21 Желтоқсан 2015
  • 322
Фото - Caravan.kz

Ойынның 36-минутында есепті Лионель Месси ашты. Каталондық шабуылшы жартылай финалдық кездесуде денсаулығына байланысты ойынға қатыспаған болатын. Бірақ, шешуші кездесуге дейін сауығып, алаңға шықты.

Екінші тайм бастала бере "Барселонаның" басымдығын Луис Суарес еселеді. Ал 68-минутта осы ойыншы дубль авторы атанды. Осылайша ойын 3:0-мен аяқталды.

Айта кетейік, "Барселона" үшінші мәрте клубтық әлем чемпионатының жеңімпазы атанып, рекорд орнатты.


Соңғы жаңалықтар