Ойынның 36-минутында есепті Лионель Месси ашты. Каталондық шабуылшы жартылай финалдық кездесуде денсаулығына байланысты ойынға қатыспаған болатын. Бірақ, шешуші кездесуге дейін сауығып, алаңға шықты.
Екінші тайм бастала бере "Барселонаның" басымдығын Луис Суарес еселеді. Ал 68-минутта осы ойыншы дубль авторы атанды. Осылайша ойын 3:0-мен аяқталды.
Айта кетейік, "Барселона" үшінші мәрте клубтық әлем чемпионатының жеңімпазы атанып, рекорд орнатты.