«Барселонаның» бас бапкері отставкаға кететінін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Барселонаның» бас бапкері отставкаға кететінін айтты

«Барселонаның» бас бапкері отставкаға кететінін айтты

«Барселона» футбол клубының бас бапкері Луис Энрике биылғы ел чемпионаты аяқталысымен отставкаға кететінін мәлімдеді. Бұл туралы каталондық клубтың Twitter-парақшасында хабарланған.

  • 2 Наурыз 2017
  • 553
Фото - Caravan.kz


«Мен келесі маусымда "Барселонаның" бапкері болмаймын. Бұл мен үшін өте ауыр шешім болды. Бұл шешімге келу үшін ұзақ уақыт ойландым. Мен клуб мүшелеріне маған білдірген сенімі үшін ағыс айтқым келеді. Бұл ұмытылмас 3 жыл болды», — деді Энирике.

Естеріңізге салайық, 46 жастағы маман «Барселонаны» 2014 жылдың мамыр айынан бері жаттықтырады. Оның басшылығымен команда екі рет Испания чемпионы және екі рет Испания кубогінің иегері атанды. Сонымен қатар, 2015 жылы «Барселона» Еуропа Чемпиондар лигасын, УЕФА суперкубогін және клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар