"Барыс" ХК бапкері алғаш рет төрешілерге шағым айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Барыс" ХК бапкері алғаш рет төрешілерге шағым айтты

"Барыс" ХК бапкері алғаш рет төрешілерге шағым айтты

"Барыс" хоккей клубының бас бапкері Эдуард Занковец қазақстандық командаға жетекшілік еткелі бері алғаш рет көпшілік алдында төрешілерге шағым айтты.
Бұл туралы sputniknews.kz жазады.
Сәрсенбі күні "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты маусымында қонақта өткізген матчында мәскеулік "Динамо" командасынан 0:3 есебімен ұтылды. Үш шайбаны да динамолықтар соңғы периодта қақпаға тоғытты. Мартиньеш Карсумс соққан алғашқы гол қонақтардың бас бапкерінің наразылығын туғызды.

  • 1 Желтоқсан 2016
  • 584
Фото - Caravan.kz

Қақпаға гол соғылмай тұрып, қазақстандық ойыншылардың бірі қарсыластың жасаған соққысына тосқауыл болған екен. Бірақ содан кейін орнынан тұра алмай, айдын шетіне сырғып шығыпты. Негізінде мұндай жағдайда төреші ойынды тоқтауы қажет, алайда рефери "Динамоның" ойынды жалғастыруына мүмкіндік берген.

Хоккейші алаңнын шетіне өз бетімен әрең шыққандықтан, "Барыс" бапкері ойыншыларды уақытылы айырбастай алған жоқ. Бұл жайтты тиімді пайдаланған динамолықтар Карсмусты қақпашымен бетпе-бет шығарып, дегендеріне жетті. Ойын соңына дейін айдын иелері тағы да екі сәтті жүзеге асырып, Юусо Хиетанен мен Александр Федоров гол соқты. Бұл матчан соң "Барыс" 47 ұпаймен ҚХЛ Шығыс конференциясының тоғызыншы орнында тұр.

Келесі ойынды елордалық клуб 2 желтоқсан күні Подльскіде жергілікті "Витязь" командасына қарсы өткізеді. 


Соңғы жаңалықтар