«Барыс» клубы Джеффри Гласспен келісімшартты екі жылға ұзартты - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Барыс» клубы Джеффри Гласспен келісімшартты екі жылға ұзартты

«Барыс» клубы Джеффри Гласспен келісімшартты екі жылға ұзартты

«Барыс» хоккей клубы қақпашы Джеффри Гласспен келісімшартты екі жылға ұзартты.

  • 10 Маусым 2011
  • 446
Фото - Caravan.kz

Айта кетейік, жақында «Барыс» хоккей клубы бірқатар хоккейшімен толыққан болатын. Атап айтқанда астаналық хоккей командасының қатарына Найджел Доуз және Дастин Бойд атты екі шабуылшы қосылды. Найджел Доуз «Нью-Йорк рейнджерс», «Финикс койотс», «Калгари флеймс», «Атланта трешерс», «Монреаль канадиенс» командаларының құрамында өнер көрсеткен ойыншы. Жалпы ҰХЛ сапында 212 ойын өткізді. Ал Дастин Бойдт бұған дейін «Калгари флеймс», «Нэшвилл предаторс», «Монреаль канадиенс» командаларының намысын қорғады. ҰХЛ құрамындағы 220 ойынға қатысты.

Сонымен қатар таяуда «Барыс» хоккей клубы шабуылшы чехиялық Камил Крэпспен және канадалық Джош Грэттонмен келісімшартқа қол қойды. Камил Крэпс бұған дейін ҰХЛ құрамында 232 ойын өткізген, сондай-ақ Чехия құрама командасында өнер көрсетті. Ал Джош Грэттон 86 ойынды ҰХЛ сапында, 35 ойынды КХЛ құрамында өткізді. Мұнымен қоса клуб ағымдағы ойын маусымы қарсаңында қорғаушы Евгений Фадеевпен келісімшартты ұзартты.

Соңғы жаңалықтар