Жарияланды: 460

«Барыс» командасы Президент Кубогын жеңіп алды

«Барыс» командасы Президент Кубогын жеңіп алды

Астаналық «Барыс» Президент Кубогын жеңіп алды. 

Елордада шайбалы хоккейден өткен халықаралық турнирдің финалында жергілікті команда ресейлік «Адмирал» хоккейшілерімен кездесіп, 3:2 есебімен басым түсті, деп хабарлайды 24.kz.

Бәсекенің бірінші кезеңі тең дәрежеде өтті. Ал екінші 20 минуттықта 4 бірдей шайба соғылды. Алдымен «Барыс» шабуылшысы Брэндон Боченски қақпаға дәл соққы бағыттап, есеп ашты. Бірақ бірнеше минуттан соң «Адмирал» хоккейшісі мергендігімен танылды.

Кезеңнің соңына дейін астаналық Евгений Рыморев пен ресейлік Константин Макаровтардың қанжығасы майланды. Үшінші кезеңде есеп өзгермеді. Ал қосымша уақытта «Барыс» ойыншылары жеңіс шайбасын соқты. Роман Старченко Талғат Жайлауовтан алған нәтижелі пасын голға айналдырды. Сөйтіп, «Барыс» биылғы жарыстың жеңімпазы атанды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін