Жарияланды: 390

«Барыс» «Магниткадан» тағы жеңілді

«Барыс» хоккей клубы Магнитогорскіде өткен Құрлықтық хоккей лигасының матчында жергілікті «Металлург» командасынан 1:5 есебімен жеңілді, деп хабарлады Vesti.kz.

Кездесуде ойын иелері есепті матч басталысымен ашты. Ойынның 9-шы минутында Максим Спиридонов Михаил Якубовтың ойыннан шығарылғанын пайдалана отырып, Николай Антропов пен Брэндон Боченскийдің бағыттаған шайбасын қақпаға кіргізді. Есеп теңескенімен, бұл матчта тағы бір голды салу «Барыстың» қолынан келмеді. Ойынның 15-ші минутында «Магнитканың» ең үздік шабуылшысы Сергей Мозякин Николай Кулеминмен бірігіп, шайбаны қақпаға дөп түсірді. Осылайша, Теему Лассиланың қақпасында тағы да қызыл түсті шам жанды. Ал екінші кезеңде ойынның иелері астаналықтардың қақпасына ойынның 30-шы, 34-ші және 36-шы минуттарында тағы да 3 жауапсыз шайбаны кіргізді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін