«Барыс» өз алаңында «Динамоны» жеңді
Құрлықтық хоккей лигасының кезекті чемпионаты аясында астаналық «Барыс» командасы өз алаңында «Динамоны» 3:2 есебімен ұтты, деп хабарлады Vesti.kz |
Ойынның бірінші минуттарында-ақ айдын иелері шабуыл жасай бастады және де оларды көбіне Джеми Джонстың шеберлігінің арқасында іске асырды. Ойынның 15-ші минутында Андрис Джериньш «Динамо» командасының есебін арттырды. Қазақстандықтар бір голды ойынның екінші кезеңінде ғана қайтара алды, шайбаны қақпаға Роман Савченко кіргізді. Брэндон Боченски матчтың соңғы минуттарында ерекшеленіп, ойынды овертаймға айналдырды. Қосымша бесминуттықта «Барыс» командасына жеңісті Константин Руденко әкелді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін