"Барыс" жаңа маусымды жеңіспен бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Барыс" жаңа маусымды жеңіспен бастады

"Барыс" жаңа маусымды жеңіспен бастады

"Барыс" хоккей клубы құрлықтың хоккей лигасының жаңа маусымын жеңіспен бастады. Астанада өткен ойында елордалық ұжым Мәск

  • 25 Тамыз 2017
  • 436
Фото - Caravan.kz

"Барыс" хоккей клубы құрлықтың хоккей лигасының жаңа маусымын жеңіспен бастады. Астанада өткен ойында елордалық ұжым Мәскеудің "Спартак" клубын 2:0 есебімен ұтты.

Ойындағы екі шайбаны да Мартен Сен-Пьер соқты. 40 минутта "Барыс" ойыншысы тең құрамдағы ойын кезінде командасын алға шығарды. Мартеннің шайба соғуына Линден Вей мен Найджел Доус мүмкіндік жасады. Ал екінші шайбаны ойын соңында ашық қақпаға соқты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Таразы басын теңестіру үшін тәуекелге барған мәскеулік команда қақпашы орнына ойыншы шығарған болатын. Бұл сәтті "Барыс" хоккейшілері оңтайлы пайдалана біліп, айқын жеңіске жетті.

"Барыс" келесі ойынын да өз мұз айдынында өткізеді. 26 тамыз күні Риганың "Динамо" командасымен ойнайды. Тікелей эфирде "Qazsport" арнасы көрсететін болады.

"Барыс" — "Спартак" 2:0 (0:0, 1:0, 1:0)



Шайбалар:

1:0 — 39:08 Сен-Пьер (Вей, Доус). Тең құрамда
2:0 — 59:35 Сен-Пьер. Ойыншы басымдығында, ашық қақпа

"Барыс": Карлссон — Савченко, Шалапов, Семенов, Полохов, Даллмэн, Диц, Маклюков — Жайлауов, Доус, Михайлис, Лихотников, Вей, Акользин, Маркелов, Пушкарев, Тривино, Сагадеев, Сен-Пьер, Шеввченко;

"Спартак»: Беспалов — Калинин, Боондарев, Провольнев, Лаюнен, Юдин, Пепеляев — Мирнов, Никонцев, Комаров, Цыплаков, Лещенко, Бобров, Максвелл, Радил, Комаристый, Читов, Хохлачев, Стоа, Шмелев, Ли.

Айып уақыты: 8:12 (4:6, 2:2, 2:4)

Бас төреші: Сергей Гусев, Алексей Васильев

 

Соңғы жаңалықтар