3х3 жаңа лигасында «Барыс» командасын Павел Глотов басқарады, деп жазды Sports.kz порталы.
Ол 2014 жылы спорттық мансабын аяқтағаннан кейін «Барыс», «Номад» және «Қар барыстары» жасөспірімдер спорт мектептерінде жаттықтырушы болып жұмыс істеді. 46 жастағы маман биылғы маусымды Астана ЖХЛ командасымен бастады.
Павел Глотов 2022-2023 жылдардағы әлем чемпионатында Қазақстан жастар құрамасының жаттықтырушылар штабының құрамында да болды.
Өскемендік түлек астаналық «Барыс» сапында 12 маусым өткізді. Оған дейін 5 жыл бойы «Қазцинк-Торпедоның» намысын қорғады. Форвард Қазақстан құрамасы сапында 9 әлем чемпионатында да өнер көрсетті. Хоккейшінің соңғы клубы 2020-2021 жылғы маусымда «Сарыарқа» болды.