Жарияланды: 400

«Барыстың» голкипері Қазақстанның өткен маусымдағы үздік хоккейшісі атанды

Елордалық «Барыстың»голкиперіВиталий ЕремеевҚазақстанның өткен маусымдағы үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды «Экспресс К»газеті.

«Қазақстанның үздік хоккейшісі» конкурсының директораты өткен маусым лауреатының есімін атады. Еліміздің үздік ойыншысы атағы елордалық «Барыс» клубының және Қазақстан құрамасының 35 жастағы голкипері Виталий Еремеевке берілді. Журналистер референдумында екінші және үшінші орындар оның клубтастары – қорғаушы Кевин Даллмэн және шабуылдаушы Талғат Жайлауовқа бұйырды», - деп хабарлайды басылым «Қазақстанның үздік хоккейшісі» конкурсының атқарушы директоры Максим Карташовтың сөздерін келтіре отырып. Виталий Еремеев «Қазақстанның үздік хоккейшісі» титулының 18-ші иегері атанды. Бұған дейін Евгений Корешков (1994, 2003, 2006 ж), Игорь Земляной (1992 ж), Константин Шафранов (1993 ж), Андрей Пчеляков (1995 ж), Андрей Самохвалов (1996 ж), Владимир Завьялов (1997 ж), Александр Корешков (1998 ж), Дмитрий Уппер (1999 ж), Федор Полищук (2000 ж), Виталий Трегубов (2001 ж), Сергей Александров (2002 ж), Анатолий Филатов (2004 ж), Виталий Колесник (2005 ж), Талғат Жайлауов (2007 ж), Андрей Гаврилин (2008 ж), Кевин Даллмэн (2009 ж) және Дмитрий Дударев (2010 ж) маусым лауреаттары атанған. Референдум-байқауға құрлықтық хоккей лигасының және Ресей чемпионатының жоғарғы лигасының клубтары бар қалалардан 31 хоккей шолушысы қатысты; дауыс беруге халықаралық турнирлерден хабар таратқан орталық басылымдардың журналистері жіберілді. Үздік хоккейшіні анықтау үшін жыл сайынғы референдум осымен 20-шы рет өткізіліп отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть